«Rauan Ranch» демалыс аймағы— жасанды бассейндерде бекіре, бақтақ тұқымдас балықтар түрлерін өсірумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және шығарумен айналысады. Мекеме қызметі кейіннен тірі (салқындатылған) балықпен қатар дайын балық өнімдерін (кептірілген, тұздалған), балықтың жартылай фабрикатын сату, құбылмалы бақтақты өсіру арқылы тауарлық балық өндірісін ұйымдастыру болып табылады.

Сондай-ақ, 2016 жылы «Rauan Ranch» демалыс аймағы өз есігін  ашты. Жасанды су қоймасында балық аулауды сүйетіндер көп балық аулай алады, жағалаудағы ыңғайлы күркелерде демала алады, жаңа кафеде дәмді тамақтана алады. Таза ауа, тыныштық, су қоймасы, балық аулау – біздің демалыс аймағымызда жеке және отбасылық демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған.

Телефон:+7 (701) 888 35 12

«Агро Нур Азия» бақтақ шаруашылығы балық өсіру саласында маманданған. Қызметінің негізгі түрі – Бақтақ Шаруашылығы. «Агро Нур Азия» ЖШС компаниясы балықтар оңтайлы температурада сақталатын жақсы қойма жайлары бар. Біздің мекеме ХАССП қағидалары бойынша өнім сапасы жүйесі талаптарына сай. Барлық өнім сертификатталған, қажетті Құжаттар жиынтығымен жеткізіледі. Мекеме экологиялық таза бұлақ су қоймаларында өсірілген әрқашан жаңа және жоғары сапалы сертификатталған балық өнімдерін өндіріп, төмен бағамен сатады. Балғын күйінде мұздатылған балықтың сақтау мерзімі – 18 C температурада 6 ай. Ыстық түрде қақталған вакуумдық қаптамадағы өнімді сақтау мерзімі – 18 C температурада 40 күн. Суық түрде қақталған вакуумдық қаптамадағы өнімді сақтау мерзімі – 18 C температурада 1 жыл. Сіздің назарыңызға біздің фирмада өсірілген балық өнімдерін ұсынамыз:

Құбылмалы бақтақ.
Албырт тұқымдасына жататын бақтақ балық тұқымдасының әйгілі түрі. Бақтақ еті көптеген дәрумендер (А, D, B12) мен таптырмайтын амин қышқылдарына ие. Қызыл балық болып табылатын бақтақ басқа балық түрлерімен салыстырғанда көптеген артықшылықтарға ие, оның негізгі артықшылығы оның құрамында ерекше табиғи заттар омега-3 май қышқылдарының көп мөлшерде болуы.

Ақсерке.
Бекіре тұқымдасының ең ірі балығы. Бұл балықта жалпы массаның 1/5 құрайтын жеңіл сіңірілетін ақуыздар бар. Бұл айрықша тамақ талғағыштарды да тартады. Ақсерке құрамында өз кезегінде құрамында метионин сияқты құрауыш заты бар амин қышқылдары бар. Ақсерке салыстырмалы түрде құнарлы болып табылады — 100 грамда 150 ккал. Оның уылдырығында калория тіптен көп — 100 грамда 235 ккал. Ақсерке етін консервілейді, сүрлейді, қақтайды, мұздатады: техникалық мақсатта ғана емес, шарап өндірісінде де қолданылатын кептіріліген торсылдақтан желім жасайды; іш құрылысын жеуге болады, тек бауыры тамақ ретінде пайдаланылмайды.

Бекіре.
Бекіре етінде жеңіл қорытылатын ақуыздар мен майлар бар. Бекіре етінің ақуызы толыққанды, құрамында барлық амин қышқылдары бар және адам ағзасында 98% сіңіріледі. Еттегі балық майының мөлшері 10-нан 15% дейін құрайды және жоғары сіңімді өнім болып табылады. Бекіре калийдің, фосфордың тамаша көзі, және бекіреде кальций, магний, натрий, хлор, темір, хром, фтор, молибден, никель бар. Бекіре В1, В2, С, РР дәрумендеріне бай.

Сазан.
Тұқы тұқымдас балық. Сазанның бірінші оң қасиеті – оның төмен құнарлылығы. 100 грам етінде 100-ден кем ккал бар және ол диетадағы, артық салмақ тастағысы келетіндерге пайдалы. Балық сүбесінің дәмі жағымды болады, сондай-ақ пайдалы қасиеттерге ие.

Қызығушылық туындаған жағдайда Өз компанияңыздың мүмкіндіктерін қысқаша түрде түйіндеуді сұраймыз.